• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ғылым 05 Наурыз, 2024

Мұздан қорғайтын реагент

199 рет
көрсетілді

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғалымдар тобы зертханада сілтілік ортада натрий формиатын синтездеу әдісін жүзеге асырды. Ғылыми жобаға белгілі химик-технолог Маржан Досмағамбетова жетекшілік еткен.

Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Амангелді Әбілхайыровтың айтуынша, жаңа реагентті қыс мезгілінде мұз қатырмау үшін қолдануға болады. Мәселен, ав­то­көлік пен жаяу жүргіншілер жо­лын, ұшақтың қанаты мен корпусын мұздан қорғайды.

«Осы кезге дейін натрий фор­миатын өндіру палладий ката­лизаторы және төрт хлорлы кө­міртекті сутегімен гидрохлорлау әдісі арқылы алынып келді. Бұл процесс 90-100°С температурада, 12-19 атмосфералық қысымда сілтілік ортада жүргізіледі. Оның басты кемшілігі қысым 12 атмос­фераға дейін төмендейді. Сол кезде натрий формиатының шы­ғымы да күрт төмендейді. Ал жоғарылаған кезде техно­ло­­гия­лық жабдықтарға жұмсала­тын металл шығыны артады. Мұн­дай  өндіру үдерісін бәсе­кеге қа­білетсіз етіп, баға­сын қымбат­татады», дейді А.Әбіл­хайыров.

Ғалымның түсіндіруінше, уни­верситет зертханасында әр­түр­лі концентрациядағы күй­дір­­гіш натрийдің сулы ерітін­дісіне суте­гінің асқын тотығы ара­лас­тырыл­ған. Кейін формалин қосу арқылы натрий формиаты алыныпты.

«Бұл – ерекше ғылыми жоба. Біріншіден, технологиялық жаб­дықтар қарапайым түрде жаса­лады. Екіншіден, сол арқылы өнімнің арзандауына септігін тигізеді. Үшіншіден, қыс мез­гілінде мұз қатуға қарсы пайда­ланғанда, жолдың цемент-бетон жабындысына, көлік шинасына зақым келмейді. Төртіншіден, көлік корпусында коррозия ту­дырмайды. Ең бастысы, алын­ған құмырсқа қышқыл натрий­ді қолдану адамдарға да, жол төсеміне де залалсыз екені дәлел­денді. Ауа температурасы -15-тен -25°С-қа дейін төмендеген кезде де жол төсемін тазалауға мүм­кіндік береді», дейді Амангелді Әбілхайыров.

 

Атырау облысы