• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Наурыз, 2024

Жаманшалова – жеңімпаз

61 рет
көрсетілді

Су спортынан Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласындағы Азия чемпионатында Қазақстанның жүзушілері 36 жүлде алып, құрлықтың 14 рекордын жаңартқаны жайында біз бұған дейін де жаздық.

Аталған жарыс әлі де жалғасып жатыр. Кеше артистік жүзуден өткен сайыста жерлестеріміз өз жанкүйерлерін қуантты. Қыз­дар арасындағы бәсекеде Карина Мағрупова асқан шеберлік танытып, алтыннан алқа тақты. Күміс және қола медаль таи­ландтық Патрави Чаяварарак пен өз­бекстан­дық Зиёдахон Тошхужаеваға бұйырды.

Ал еркін соло бағдарламасында аса дарынды жас Даяна Жаманшалова жеңімпаз атанды. Қазақ қызы шешуші тұста қытайлық Ю Дай мен өзбек Сабина Махмудовадан озды.