• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Наурыз, 2024

Тартудағы табыс

69 рет
көрсетілді

Көркем гимнастикадан Эстонияның Тарту қаласында өткен «Miss Valen­tine» додасында Айбота Ертай­қызы табысты өнер көрсетті.

Гран-при санатына жататын жарыста осы спорт түрін серік еткен біраз мықты бақ сынады. Солардың арасында біздің Айбота да бар. «Доп» жаттығуы бойынша ол 32,700 ұпайды иеленіп, күміс медальды мойнына ілді. «Шығыршықта» 32,550 ұпай еншілеп, қазақ қолаға қол созды. Сөйтіп, қазақ қызы Балтық жағалауынан қос жүлдемен оралды.

Сондай-ақ А.Ертайқызының «таспа» мен «ұршықтан» да жеңіс тұғырына көтерілуге жақсы мүмкіндігі болды. Бірақ финалдық сайыста басты қарсыластарына жол беріп, төртінші орынға тұрақтады.