• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Наурыз, 2024

Жігіттер жарап тұр

72 рет
көрсетілді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында жалауы желбіреген Олимпия ойын­дарының іріктеу турнирінде екі қазақ боксшысы тұсаукесер кездесулерін өткізді.

57 кг салмақта Махмұд Сабырхан мен эфио­пиялық Ядеса Лета күш сынасты. Шым­кенттің шымыр жігітінің әлем чемпионы, әлем мен Азия біріншіліктерінің фина­лисі деген атағы бар. Қарсыласы ондай дәрежеге жетпеген. Сондықтан да Мах­мұдқа қара құрлық өкілінің «тілін табу» айтар­лықтай қиындық туғыза қойған жоқ. Екінші кезеңде қандасымыз Таиландтың саңлағы Саравут Суктхетпен сайысқа түседі. Осы екі боксшы былтыр Бангкокта өткен жастардың құрлық біріншілігінде (U-22) күш сынасқаны есімізде. Ол кезде Сабырхан ұпай санымен жеңіске жеткен еді.

80 кг салмақ дәрежесіндегі Нұрбек Орал­бай Гаитидің өкілі Седрик Белони-Дю­лиепремен шеберлік байқасты. Бұл бә­секеде төрешілер біздің боксшының мықты­лығын бірауыздан мойындады.

 

Соңғы жаңалықтар