• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әдебиет 07 Наурыз, 2024

Ахмет Байтұрсынұлының белгілі шығармасының жоғалған беттері табылды

102 рет
көрсетілді

Парақтар Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан табылған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы мұратанушы Әділет Ахметұлы мәлімдеді. Бұған дейін зерттеушілер бұл еңбектің толық емес нұсқасын оқып келген еді. 

- Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет таныт­қышының" соңғы беттері табылды. Жәдігер мұраның соңғы беттері жыртылмаған нұсқа­сы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітап­ханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында болып шықты. Бұған дейін алаштанушы ғалымдар, олардың ізін басқан жастар сан рет шиырлаған қазыналы қордан арнайы іздегенде табылмай, кездейсоқ ұшырасып қалғанына өзіміз де таңбыз, – деп жазды ғалым. 

Оның сөзінше, жоғалған парақтар саны екеумен шектеледі. Ахмет Байтұрсынұлы осы екі парақта "Айтыс-тартысқа" жататын бес атауды қысқаша ғана таныстырған. 

Бүгінде бұл нұсқа Қазақстанның ұлттық электронды кітапхана сайтына жүктелген.