Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, белгілі ақын Күләш Ахметоваға Мемлекет басшысының құттықтау хаты табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Құттықтау хатты Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ақынның шаңырағында табыстады.
Өңір басшысы ақынды мерекемен құттықтап, мықты денсаулық тілеп, гүл шоқтарын сыйлады.
Айта кетсек, Күләш Ахметованың «Қасиетті мекен» атты жыр кітабының тұсаукесері өтті.