• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Наурыз, 2024

Лицензиялық турнир: Нұрбек Оралбай қарсыласын ұтты

102 рет
көрсетілді

Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 80 келідегі әлем чемпионы Нұрбек Оралбайдың  екінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

qaz_olympics мәліметінше, Того елінің боксшысы Прева Падабади қара күшімен ауыр соққыларға иек артқанымен, тәжірибелі жерлесіміз техникалық шеберлігімен айласын асырып, 5:0 көрсеткішімен ұтты.

Нұрбек Оралбай енді 1/8 финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алексей Алфёровпен жұдырықтасады.