Италияда (Бусто-Арсицио қаласы) өтіп жатқан лицензиялық турнирде әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 57 келі бойынша екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
qaz_olympics мәліметінше, алғашқы раундта ұзын қол Таиланд спортшысы Саравут Сукзет басымырақ түскенімен, қалған уақытта жерлесіміз қорғанысқа көңіл бөліп, жақын қашықтықта айласын асырып кетті. Есеп: 3:2 Айта кетсек, қос боксшы 2023 жылы Азия чемпионаты финалында жолығып, Махмұд Сабырхан жеңіске жеткен еді.