Алматыдағы «Шымбұлақ» спорт кешенінде фристайл-могул мен шаңғы акробатикасынан Әлем кубогінің кезеңдік сайысы аяқталды.
Жарыстың алғашқы түрі бойынша сынға түскен Юлия Галышева бесінші орында қалып қойды. Атақты спортшымыз небәрі 68,58 ұпай жиды. Бас жүлдені аустралиялық Энтони Джакара жеңіп алды. Павел Колмаков 72,53 ұпаймен алтыншы сатыға жайғасты. Бұл бәсекеде канадалық Микаэль Кингсберидің асығы алшысынан түсті.
Есесіне параллельді могулдан өткен жарыста Колмаков жеңіс тұғырына көтерілді. Ол тек Канаданың мақтанышы, Олимпия ойындарының жеңімпазы және екі дүркін күміс жүлдегері, 8 дүркін әлем чемпионы Микаэль Кинсбергиден қалып қойып, күміс медальды еншіледі. Қола жүлде америкалық Лэндон Вендлерге бұйырды.