Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирі аясында 21 наурызда Шотландиямен, 26 наурызда Мажарстанмен күш сынасады.
Бас бапкер Қайрат Нұрдәулетов команданың соңғы оқу-жаттығу жиынына мына ойыншыларды шақыртты. Қақпашылар – Темірлан Анарбеков («Жеңіс»), Данила Карпиков («Шахтер»), Никита Пивкин («Қайрат»). Қорғаушылар – Әділбек Жұмаханов, Ерсұлтан Қалдыбеков («Атырау»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Сұлтан Асқаров, Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Егор Ткаченко («Қайрат»), Асқар Сатышев («Қайсар»), Даниил Нырков («Ертіс»). Жартылай қорғаушылар – Нұрғайни Бөрібаев, Бейбіт Ғалым («Тобыл»), Муроджон Халматов («Каспий»), Мейрамбек Қалмырза («Жетісу»), Дави Есімбеков («Черноморец», Ресей), Айбар Абдулла, Абылайхан Назымханов («Шахтер»), Нұрәлі Жақсылық («Астана»). Шабуылшылар – Иван Свиридов («Елімай»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь) және Данил Анкудинов («Днепр-Могилев», Беларусь).