Бүгін, 12 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кеше басталған алдын ала сот тыңдалымы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экс-шенеунікке әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді, сондай-ақ жүйелі түрде ұрып-соғып, физикалық және психикалық азапқа салған деген айып тағылды.
Фото: Астана соты Сондай-ақ Бишімбаевпен қатар оның немере ағасы Бақытжан Байжанов та сотқа тартылған. Оған ҚР ҚК-нің 432-бабы, «Аса ауыр қылмысты жасыру», ҚР ҚК-нің 434-бабы, «Белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламау» айыптары тағылды.