Сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Қар көшкіні қаупі мен көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 377 км құрайтын 1 автожол:
«Самара-Шымкент» - Ақтөбе қ.-Ырғыз к. (жүк және қоғамдық көлік үшін)
Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 160 км 1 автожол:
«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары» - Ушановское а.-Алтай қ. (автокөліктің барлық түрлері үшін)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 276 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған.