• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 13 Наурыз, 2024

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Ғани Қалиевтің отбасына көңіл айтты

167 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі саясаткер және қоғам қайраткері, ғалым Ғани Қалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Ғани Әлімұлы ауыл шаруашылығы саласының алға басуына бар күш-жігерін жұмсады. Парламент депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси-демократиялық дамуына атсалысып, отандық заңнаманы жетілдіруге зор үлес қосты. Марқұмның иманы саламат, жаны жаннатта болсын», деп жазылған жеделхатта.