• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сенат 14 Наурыз, 2024

Сенаторлар әскери қызмет жағдайын жақсарту мәселесін талқылады

74 рет
көрсетілді

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар әскери қызмет жағдайын одан әрі жақсарту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев Отанды қорғау жолындағы әскери қызметшілердің аман-есен және дені сау қалпында үйлеріне қайтуының маңыздылығын атап өтті.

«Соңғы уақытта армиядағы жағымсыз құбылыстардың алдын алу шаралары қабылдануда. Жастар арасында әскери борышын орындауға ынталандыруды арттыру үшін бірқатар жеңілдік жүзеге асуда. Алда әлі талай жұмыс бар. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Қазақстан армиясының абырой-беделін көтеру міндеті кезек күттірмейді. Бұл мәселелер бойынша бірлестік атқаратын жұмыс ауқымды», деді Ғалиасқар Сарыбаев. 

«Аналар жүрегі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері әскери қызмет кезеңінде адам құқықтарының бұзылуын, қызметшілердің қаза болуы мен жарақат алуын болдырмау мақсатында әскери органдар мен әскери бөлімдердің басшылығымен байланыс орнатудағы көмегі туралы айтып берді. Комитет заңда белгіленген тәртіппен адам құқықтарын сақтау мақсатында шақыру комиссияларының жұмысына қатысады, сондай-ақ әскери қызмет өтетін жағдайларды жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе әрекет етеді.