• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Наурыз, 2024

Алматыда 3 күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды

61 рет
көрсетілді

13 наурыз күні үйден шығып, оралмаған Рамазан Қалдаров табылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Кәмелетке толмаған Рамазан «Нұркент» ықшам ауданындағы «Алматы Арена» спорт кешені маңынан табылды. Жасөспірімді іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювеналды полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты», делінген полиция хабарламасында.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Бұған дейін 15 жасар Рамазанды іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған едік.