АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden Theater аренасында кәсіпқой бокстан ірі дода өтті.
Жарыстың басты жекпе-жегінде ирланиялық Каллус Уолш (9-0, 7 КО) пен қазақтың ұлы Дәурен Елеусінов (11-3-1, 10 КО) күш сынасты. Осы спорт түрінің басы-қасында жүргендер 23 жастағы Корк қаласының тумасын «Жаңа GGG» деп атап жатыр. Оны әйгілі Фрадди Роуч баптаса, промоутері – Том Леффлер. Кезінде бұл мамандар ұзақ уақыт бойы біздің Геннадий Головкинмен жұмыс істеген. Америкадағы айқас Уолштың айқын жеңісімен аяқталды. 37 жастағы Елеусінов біраз қарсылық көрсеткеніне қарамастан жастың аты жас қой. Ирландияның өкілі қандасымызға көп соққы дарытты. 11-раундта бәсеке тоқтатылды.
Сөйтіп, Каллум Уолш бірінші орта салмақтағы WBC Continental Americas нұсқасының алтын белбеуін иеленді. Ал Дәурен қатарынан екінші кездесуінде жеңіліс тапты.