• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Наурыз, 2024

Бес жүлде бұйырды

118 рет
көрсетілді

Каратэден Түркияда «Karate Premier League – Antalya 2024» деп аталатын аса ірі халықаралық турнир аяқталды.

Қазақстанның ұлттық құрамасы аталған жарысты бес жүлдемен қорытындылады. 50 кг салмақта сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай алдына жан салмай, алтыннан алқа тақты. Анадолы елінде ол Сара Бахманяр (Иран), Фидан Теймурова (Әзербайжан), Агус Азиа (Италия), Уикен Силия (Алжир) және Родригес Катаринаны (Португалия) қапы қалдырып, финалда Салазар Йоргелиспен (Венесуэла) күш сынасуға тиіс еді. Алайда жарақатына байланысты қарсыласы жекпе-жекке шыққан жоқ. 55 кг салмақ дәре­жесіндегі Белла Самашеваға да тең келер ешкім табылмады. Шешуші тұста жер­лесіміз Виола Лаллоны (Италия) жеңді.

Ал Әсел Қанай (61 кг), София Берульцева (+68) және Нұрқанат Әжіқанов (75 кг) қола медальді мойнына ілді.