• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 18 Наурыз, 2024

Попконың төртінші титулы

71 рет
көрсетілді

Қазақстанның теннисшісі Дмитрий Попко (АТР рейтингінде 276-орын) Бразилияның Фейра-ди-Сантана қаласында өткен ITF турнирінде топ жарды.

Бастапқы бәсекелерде корт қожайындары Пауло Андре Сараива дос Сантос (№ 956), Жоао Витор Гонсалвеш Сеолин (№ 1410) және Игорь Хименесті (№732) жолынан ығыстырған жерлесіміз жартылай финалда германиялық Луи Вессельстан басым түсті. Ақтық сында Попконың жолы америкалық Харрисон Адамеспен (№771) қиысты. Бұл бәсекеде 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жеткен ол бас жүлдені олжалады.

Сөйтіп, 27 жастағы Дмитрий Попко биыл жекелеген сында өзінің төртінші турнирінде топ жарды. Бұған дейін ол АҚШ-тың Санрайз, Палм-Коуст және Нейплс қалаларында қарсылас шыдатпады. Ал Аргентина мен Бразилиядағы жарыстың ақтық сынына дейін алқынбай жетті.