• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Білім 18 Наурыз, 2024

Академиялық адалдық

164 рет
көрсетілді

Астанада жоғары білім саласына қатысты академиялық адалдық туралы семинар өтті. Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы атанған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасы білім сапасын арттыру үшін бірқатар іс атқарып жүр. Соның бірі – «Академиялық адалдық» тақырыбындағы семинар.

Іс-шара Ғылым және жо­ғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастыры­лып, «Заң және тәртіп» қағида­тын ілгерілетуге бағытталған. Жиын­ға гибридті формат­та отан­дық жоғары оқу орын­да­рының 300-ден астам өкілі, оның ішінде оқу ісі жөніндегі проректорлар, оқу ісі жөніндегі басқарма басшылары және университеттің профессор­лық-оқытушылық құрамы қатыс­ты. Білім саласының жүгін кө­тергендер келелі ой айтып, өз пікірлерін білдірді. Семинар­ды Білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаева ашты.

– Академиялық адалдық бү­гінгі таңда өте өзекті тақырып. Талқылауды қажет ететін, әлі шешімі табылмаған бірнеше мәселе бар. Бұл бағытта ми­нистрлік бірқатар құжат, оның ішінде тұжырымдама мен әдістемелік құралдар қа­был­­дағаны белгілі. Сондай-ақ еліміздің 18 жоғары оқу ор­ны кіретін Академиялық адал­дық лигасы жұмыс жасап отыр. Семи­нардың нәтижесі ре­тін­де нақ­ты ұстанымдар мен ұсы­ныстар күтеміз, – деді ол.

Сондай-ақ Ғылым және жо­ғары білім саласындағы Сапа­ны қамтамасыз ету комите­ті­­­нің Сыртқы бағалау және тал­­дау басқармасының басшы­сы Қарлығаш Сәкенова «Ака­демиялық адал­дық – нор­ма­­тив­тік қамта­масыз ету аспе­к­тіле­рі» атты баяндама оқыды. Maqsut Narik­bayev University про­восты Сер­гей Пен студенттер­дің ака­де­миялық адалдығы­ның н­егіз­гі ұстанымдары тура­лы айт­ты. Тәуелсіз аккредит­теу және рейтинг агенттігінің бас дирек­торының кеңесшісі Ольга Янов­ская жоғары білім сапа­сы мен академиялық адалды­ғын қамтамасыз ету мәдениетін ілгерілету тақырыбында қы­зық­ты баяндама жасады.

Семинар барысында сон­дай-ақ Х.Досмұхамедов атын­дағы Атырау университетінің про­ректоры Асхат Чукуров ма­гистрлік диссертацияны қорғау мысалында ака­де­­мия­­лық адалдықты сақтау мә­се­­лелері, Л.Н.Гумилев атын­­дағы ЕҰУ цифрлық даму және қашықтықтан оқы­ту депар­таментінің директоры Гүлмира Бекманова акаде­мия­лық адалдықты сақтау жо­лын­дағы заманауи тәсілдер және жасанды интеллект дәуі­ріндегі академиялық адал­дық тақырыбында Астана IT университеті профес­соры­ның ассистенті Бейбіт Әбді­кенов баяндама жасады. Мо­дератор Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің ұлт­тық жүйесін реинжиниринг арқылы Қазақстандағы уни­верситеттердің бәсекеге қа­білеттілігін арттыру жөніндегі бағдарламалық-мақсаттық қар­жыландыру жобасының ғы­лыми жетекшісі Айдос Мұ­қа­таев болды.

Ұсынылған баяндамаларды талқылау нәтижелері бойынша семинарға қатысушылар отандық жоғары оқу орындарына біршама үндеу жасады. Студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам және университет қызметкерлері ара­сындағы құқық ережелерін қа­таң сақтауға шақырды. Ымы­расыз қатынасты және заң­ды құрметтеу мәдениетін қалып­тастыру, күнделікті өмірде адал­дықты дамыту, сонымен қатар Академиялық адалдық кодексінің қағидаларына мән беріп, ерекше назар аударуды ұсынды. Жалпылама алғанда, сарапшылардың ұсыныстары жоғары білім беру жүйесінде «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.