• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 19 Наурыз, 2024

Жаңа міндеттерді айқындаған жиын

99 рет
көрсетілді

Атырауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың мәні де, маңызы да жоғары. Құрыл­тайдың үшінші жиыны Наурыз мерекесі қарсаңында ұйым­дас­ты­рылды.

Жалпы, Құрылтай мүшелерінің жылына бір рет алқалы жиында бас қосуы игі дәстүрге айналды. Әсіресе жаңару мен жаңғыру ке­зеңінде өтіп жатқан бас­қо­су­да елдің дамуы жолында жаңа мін­дет­­тер жүктеліп, жаңа мақ­сат­тар айқын­да­ла­тыны анық.

Құрылтай жиынында Мемлекет бас­шысы ел тұтастығы зиялы қа­уым бірлігінен басталатынын айт­ты. «Ең алдымен, халықтың бе­ре­ке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды. Бұл туралы үнемі айтып жүргенімді білесіздер. Ын­ты­мағы жарасқан, ортақ мақ­сатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. Ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл ат­қа­рады. Әсіресе елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар – қа­зақ­тың қаймағы, ұлттың мақ­та­нышы. Елдің тұтастығы зиялы қауым­ның бірлігінен басталады. Яғни алдымен ел ағаларының арасын­­да ауыз­бір­шілік болуы керек. Олар ұрпақ­қа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет», деді Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ көрнекті тұлғалар бірін-бірі мойындап, өзара құр­мет көрсете білсе, ұлты­мыз ұйы­са түсетінін жеткізді. Оно­мас­­тика саласында белгілі тарихи тұл­ғалармен қатар, жалпыұлттық құндылықтар да назардан тыс қал­мау­ға тиіс екенін атап өтті. Ата-бабасын ұлықтауды сұрап ұжымдық хат жазуды әдетке айналдырып жүргендер жайында да сөз етті.

«Кейінгі кезде ата-бабасының, жерлесінің есімін ұлықтауды сұрап, ұжымдық хат жазу әдетке айна­лып барады. Атасына ескерт­кіш қоюды, көшеге атын беру­ді өтінетіндер көбейді. Бұл – жағым­сыз жағдай. Мұндай ұстанымдар еліміздің біртұтас идеологиялық кеңістігіне зиян келтіреді. Ұрпақ тәрбиесіне кесі­рін тигізеді. Тіпті шетелде бізді көне заманға және кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ес­керт­кіштер елі» деп айтатын болды», деді Президент.

Расында, әрбір адам үшін ата-бабасын құрметтеу – парыз. Рухына тағзым етіп, ас берсін. Бірақ бұл мәселені саясиландырып жіберуге болмайды.

Ұлттық құрылтай жиынында сөз болған ел болашағына бағыт­талған және бүгінгі күннің өзек­ті мәсе­ле­сіне айналған өзге де мәсе­ле­лер оңтайлы шешім табады деп сенемін.

 

Ұласбек СӘДІБЕКОВ,

Мәжіліс депутаты