• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 18 Наурыз, 2024

Дала демократиясы

162 рет
көрсетілді

Кейінгі бірер жылдағы өзгерістерді ел сезе бастады. Халық пен билік арасын бөліп тұрған сенімсіздік синдромы сейіле бастағанын сезіп жүрміз. Алдыңғы екі отырыста елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерілді. Оның біразы орындалды. Жалпы, өзгерістер барлық салада байқала бастады.

Қолға алынған өзге­ріс­тер­дің нәтижесінде халық би­лікке әлде­қай­да жақындай түсті. Құрылтай дала демократия­сын­да формат дең­гейінде тарих жадында сақталып қалған. Мем­лекеттіліктің тағдыры сын те­зін­де қалған кезде ата-бабамыз ортадан халық өкілдерін сайлап, келелі мәселелерді осындай құ­рыл­тайларда шешті. Аузы дуалы, сөзі уәлі азаматтардың ой-пікірін, жоба-ұсынысын талқылап, ортақ және оңтайлы пәтуа жасасты. Бүгін бабадан қалған дәстүр жал­ғасып жатыр. Мемлекет бас­шы­сы айтып өткендей, Құрыл­тай­ды ерекшелендіретін сипат – оның кең ауқымдылығында, жұмыстың сапасы мен тиімділігіне тікелей әсері бар азаматтардың басқосуы, халықтың үнін, мұң-мұқтажын, талап-тілегін шынайы жеткізе алуында. Бүгінде отандастарымыз Үкіметтің, жалпы мемлекеттің жоспарларын жүзе­ге асыруға атсалысып келеді. Жүр­гізіліп жатқан реформалар олар­дың сұранысын ескере отырып жүр­гізілуде. Мысалы, Парламент пен жергілікті ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Ендігі кезекте – аудан, қала әкімдерін сайлау. Мұның бәрі мемлекеттің ашықтығын және елді басқаруға өз үлесін қосу мүмкіндігін көрсететін елеулі өзгерістердің бел­гісі.

Мемлекет басшысы алғашқы Құрылтайда қазақ азаматы өз ойын айта алатындай платформа қалып­тас­тыру керектігін айтқан болатын. Нәтижесінде, бүгінде жүзден астам Құрылтай мүшесі халық пен билік арасындағы өзіндік көпірге айналды. Қазақ жеріндегі тарихи жәді­гер­лердің біразы ұлттық құндылық ретінде ЮНЕСКО тізіміне енді. Бұл тек Қазақстанда емес, бүкіл Орталық Азияда ғылым­ның дамуына серпін берді. Тарихи мұрамызды сақ­тау жұмыстары жалғасып келе­ді.

 

Шаймардан НҰРЫМОВ,

Ұлттық құрылтай мүшесі

 

АЛМАТЫ