• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Пікір 19 Наурыз, 2024

Еңбек адамына – ерекше құрмет

54 рет
көрсетілді

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы жауапты азамат – Адал азамат тұжырымдамасының мән-мағынасын ашып берді. Мұндай адамды білімге берілген әрі өз ісінің маманы деуге болады. Идеологиялық саясат осы құндылықтарды наси­хат­тауға, адамдарды дұрыс мінез-құлыққа итермелеуге бағыт­тал­уы керек.

Стереотиптерді сырт айналатын болсақ, идеология – тек риторика емес, сонымен қатар қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы нақты өзгерістер жиынтығы. Үшін­ші Ұлттық құрылтайдың «Білім және ғылым» секциясында біз адами капиталды дамыту тақырыбына ерекше мән бердік. Жалпы, секция барысында еліміздің дамуына арналған 20-ға жуық бастама төңірегінде әңгіме өрбіді.

Осы орайда маңызды салалар­­дың біріне тоқталғым келеді. Оның тікелей тәжірибелік маңызы бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ІЖӨ көлемін екі есеге арттыруды мақсат етіп қойған болатын. Бұл ретте өнеркәсіпті дамытуға және негізгі инфрақұрылымды қалыптастыруға немесе жаңартуға ерекше басымдық беру керек. Кейінгі жылдардағы трендтерді, соның ішінде геосаяси трендтерді ескеретін болсақ, бұл маңызды ба­ғыт екеніне көз жеткіземіз. Осы­­лайша, кез келген қиындыққа жет­­­кізбей, экономиканың тұрақ­ты­лығын қамтамасыз етеміз.

Әрине, бұл міндет пен меже құрылымдық экономикалық рефор­ма­лардың күшімен шешіледі. Бірақ мұнда идеологиялық саясат­тың мейлінше прагматикалық түріне де орын табылады. Біз табысқа қол жеткізе алатын және белгілі бір нарықтық орталарда өз орнын табатын кәсіпорындар құра аламыз. Бірақ бұл бағытта көп жұмыс қолға алынуы керек.

2022 жылы Алматыда өткен жас ғалымдармен кездесуде Мем­­лекет басшысы: «Біз инже­нер­лер, конструкторлар, жоба­лау­шылар, агрономдар, бағдар­ла­машылар елі болуымыз керек», деп атап өтті. Бірақ қазір біз тех­­никалық мамандықтардың беде­лі­нің төмендеуіне байланыс­ты кадр тапшылығына тап болып отырмыз. Бұл тығырықтан шы­ғып, олқылықтың орнын тол­­тыратын қадамдардың бірі ре­тін­­де Президент қауіпті кәсіп қыз­­меткерлерінің, оның ішінде кен­­шілердің зейнеткерлік жасын төмен­дету жөнінде тапсырма берген еді.

Мәжіліс қабырғасында кадр тап­шылығы мәселесі үнемі көте­ріліп отырады. «Amanat» партиясы фракциясындағы депутат әріптестерім дабыл қағарлық фак­тілерді келтірді. Мәселен, инженер, металлург және басқа да тех­никалық мамандардың орташа жасы шамамен 50 жасты құ­райды екен. Гранттардың бөлініп жатқанына қарамастан, түлектер бұл мамандықтарға жолай қоймайды. Осылайша, кәсіп­орындарға қажетті жаңа кадр­лар­дың буыны тоқтап қалды.

Бұл түйткіл кезең-кезеңімен, кірістің өсуімен шешіледі, бірақ оның да шегі бар. Сонымен қатар төменгі жұмыс күші, қарапайым еңбек адамдарының жұмысы үнемі көз қызығатындай болып көріне бер­­мей­ді. Көбінесе бұл ауыр, бір­са­­рынды, тәуекелге толы болып ке­ле­ді. Оның үстіне нарықтық экономикада аз күш жұмсап, көп табыс табуға болатын еңбек көздері, оңай жолдары көп. Сондықтан ынталандырудың барынша тұтас кешенін жасай отырып, жағдайды түзете аламыз. Осындай кәсіптердің маңыздылығын қоғам болып мойын­дау, қолдау қашанда өз жемісін бе­ре­ді.

 

Никита ШАТАЛОВ,

Мәжіліс депутаты