Мәжіліс алаңында Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қайда екені туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ішкі істер министріне «Ол қайда? Бір жерде оның кейбір іс-шараларда түсірілген фотосуреттері пайда болды. Бұл ақпарат қаншалықты шынайы? Неліктен оның қамауда екенін дәлелдейтін бірде-бір фото немесе видео жоқ?» деген сұрақ қойылды.
«Біз қазір тұтқынды көрсете алмаймыз, ол сотталған, түрмеде отыр», деді Сәденов.