• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 21 Наурыз, 2024

Мемлекет басшысы Жәмила Серкебаеваны қабылдады

107 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Алматының мәдени өмірі жайында сөз қозғалып, Қазақстандағы классикалық музыканы дамыту перспективасы қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жәмила Серкебаеваның таланты мен кәсібилігін жоғары бағалап, оның елімізді ғана емес, шетелді де мойындатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Жәмила Серкебаева музыка өнеріне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, еліміздегі музыкалық инфрақұрылымды жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.