22 наурыз күні Алматы облысы Ұйғыр ауданында 7 демалушы құтқарылды. Олар Шарын өзенінің басқа жағалауына өтіп кетіп, өз беттерінше кері қайта алмаған, деп жазады Egemen.kz.
«ТЖД мен РЖҚЖ –ның жеке құрамынан іздеу-құтқару ісіне шамамен 20 адам және 5 техника жұмылдырылды. Демалушылар эвакуацияланды және автокөліктер шығарылды. Медициналық көмек қажет болмады», делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.