• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Наурыз, 2024

Крокус сити холл: Лаңкестік бойынша күдіктілер қамауға алынды

180 рет
көрсетілді

Мәскеудің «Крокус сити холл» залында лаңкестік жасады деген айыппен 4 күдікті қамауға алынды. Жергілікті Босман соты оларды бұлтартпау түрінде 1 ай 28 күн қамауға алу шешімін қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Айыпталушылар Далерджон Мирзоев, Саидакрами Рачабализод, Шамсидин Фаридуни және Мұхаммедсобир Файзовқа РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабының 3-бөлігінің «б» тармағы, яғни «Террористік акт» бойынша ресми айып тағылды.

Бұл баптың ең жоғары санкциясы - өмір бойына бас бостандығынан айыру.

Айта кетейік, қамауға алынғандар 22 наурыз күні «Крокус сити холға» тосыннан кіріп, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған деген күдікке ілінді.

Ресми дереккөздер қайғылы оқиға салдарынан 137 адам көз жұмғанын мәлімдеді.