Ертең, 27 наурызда Қ. Бишімбаевтың ісін қарайтын алқабилер құрамына кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот өтеді. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жабық сот Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.
Бұл сот отырысында 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы жасақталады.
Ведомство өкілдері түсіндіргендей, іріктеу алқабилердің жеке басын жария етпеу мақсатында жабық форматта өтеді.