Полиция қызметкері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға 23 наурыз күні Сарайшық көшесіндегі көпірде болған.
42 жастағы көпірден секірмек болған келіншекті Патрульдік полиция полкінің инспекторы Евгений Казаков құтқарып қалды. Полиция қызметкері патрульдеу кезінде көпірдің шетінде тұрған әйелді байқап, дереу көпірге шығып оны құтқарып қалды.
«Жақын маңдағы сақшылар да көмекке келіп, келіншекті қауіпсіз жерге шығарған. Жедел жәрдем жеткенше полиция қызметкерлері тарапынан алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді», делінген Астана қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.Посмотреть эту публикацию в Instagram