• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Наурыз, 2024

Энергетика саласындағы жобалар пысықталды

84 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов италиялық ENI компаниясының табиғи ресурстар бөлімшесінің барлау және өндіру жө­нін­дегі директоры Лука Винья­тимен энергети­ка саласындағы ынтымақ­тас­тық мәселелері жөнін­де кездесу өткізді.

Кездесуде Қарашығанақ және Қаша­ған кен орындарындағы бірлескен жұ­мыс барысы қаралып, сондай-ақ жа­ңар­тылатын энергия көздері саласын­дағы жаңа жобаларды іске қосу мәселелері талқыланды.

Тараптар Қарашығанақты кеңейту жобасының жоспарға сай іске асырылып жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда өндірісті жылына 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру үшін шикі газды кері айдайтын қосымша 5-6 компрес­сорды іске қосу үдерісі жалғасып жатыр. Қуаты жылына 4 млрд м3 болатын газ өң­деу зауытын салу жобасы белсенді түр­де іске асырылып, жаңа кәсіпорын халықты тиімді бағадағы тауарлық газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қашаған кен орнын толық көлемде игеру жұмыстары уақтылы жүзеге асыры­лу­да және Үкіметтің ерекше бақы­лауын­да тұр. Тараптар сондай-ақ алдағы газ өңдеу зауытының құрылысына қатысты өзге де мәселелерді талқылады.

Келіссөз барысында Қазақстанда жаңар­тылатын энергия көздері саласын­дағы жобаларды іске асыруда ENI компа­ния­сымен ынтымақтастықтың оң тәжі­рибесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында «Бадамша-1», «Бадамша-2» жел электр станса­ларының, Түркістан облысында «Шәуіл­дір» күн электр стансасының іске қосылуы сөз болды. Алдағы кезеңде жұмыстар Маңғыстау облысында жалпы қуаты 247 МВт болатын ЖЭК және таби­ғи газбен жұмыс істейтін гибридті аралас электр стансасын бірлесіп салуға бағыт­та­лады. Бұл өндірістегі апатты жағ­дай­лардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы Қарашығанақ пен Қаша­ған­дағы жобаларды іске асыру кезін­де тауарларды, жұмыстар мен қыз­мет­терді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін арттырудың маңызын атап өтті.

Кездесу қорытындысында қаты­су­шылар ұзақмерзімді ынтымақ­тас­­тық­ты одан әрі дамытуға ниетті екендерін растады.