• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2024

Қостанай облысының полицейлері су басқан аудандарға көмекке кетті

152 рет
көрсетілді

Қостанай облысы Полиция департаментінің 40 қызметкері су басып жатқан Торғай өңіріне көмекке аттанды, деп жазады Egemen.kz.

«Су тасқыны болып жатқан аудандарға полицияның арнайы шұғыл іс-қимыл жасағының, арнайы және мобилді дайындық басқармасының, сондай-ақ жергілікті полицияның 40 қызметкері, 7 техника, 2 қайық жіберілді. Көмекке кеткен полицейлер тұрғындарды эвакуациялап, олардың мүлкін тонаудан қорғауды қамтамасыз ететін болады. Жағдай ушығып бара жатса, резервте дайын тұрған ПД аппаратының қызметкерлері мен 66/97 ӘБ әскери қызметшілері де су басып жатқан аудандарға аттанады», деп хабарлады облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. 

Қазір Амангелді ауданындағы құтқару күштерінің құрамында полицияның 15 қызметтік көлігі мен 45 қызметкері жұмыс істеп жатыр.