Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысының бірінші бөлімі бүгін сағат 10.00-де, екінші бөлімі 14:30-да өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Бишімбаев ісі бойынша басты сот отырысы 27 наурыз күні өткен еді. Экс-министр өзіне тағылған айыпты тағы мойындамады.