Қазақстанның бірінші ракеткасы Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің жартылай финалында Үлкен дулығаның екі дүркін чемпионы Беларусь спортшысы Виктория Азаренкодан басым болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Матч 2 сағат 33 минутқа созылды. Рыбакина қарсыласын 6:4, 0:6, 7:6 (7:2) есебімен ұтты.
30 наурызда Miami Open турнирінің финалында Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Екатерина Александрова (Ресей) мен Даниэль Коллинз (АҚШ) арасындағы текетірестің жеңімпазымен ойнайды.