• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2024

Су тасқыны: Көкшетауда қауіп сейілер емес

198 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласын қақ жарып өтетін Қылшақты өзені қар күрт ерігендіктен арнасынан асып кетіп, жағалауға жақын орналасқан бірнеше жер үй мен ғимараттарды, көп қабатты үйлерді су басып қалды.

Қалада жергілікті маңыздағы төтенше жағдай жарияланды. Жедел штаб құрылып, қыруар техника мен адам жұмылдырылды.

Қала әкімі Бауыржан Ғайсаның айтуынша, жүзден астам адам күні бұрын дайындалған орындарға орналастырылып, ас-сумен қамтамасыз етілген.

Зардап шеккендердің бүлінген дүние-мүлкі актіленіп, шығынның орны толтырылады. Апаттың салдарын жоюға еріктілер де ат салысып жатыр.

Көкшетау қаласы