Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған теракт салдарынан көз жұмған адамдардың саны күрт артқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Михаил Мурашко олардың басым көпшілігіне амбулаторлық көмек көрсетілгенін қоса айтты.
Одан бөлек 74 адам федералды мекемелердің ауруханаларында, Мәскеу облысы мен Мәскеудегі ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Үш науқастың жағдайы өте ауыр.
Еске салайық, 22 наурызда Мәскеу қаласындағы «Крокус Сити Холл» ғимаратында теракт болды. Лаңкестер мәдени іс-шараға жиналған жұртқа оқ жаудырған.