• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Наурыз, 2024

Су тасқыны аймақтарына 1000-нан астам маман мен 280 бірлік техника жұмылдырылды

130 рет
көрсетілді

Су тасқыны аймақтарында Су ресурстары және ирригация министрлігінің 1000-нан астам маманы мен 280 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су шаруашылығы нысандарында жедел іс-шаралар қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су көлеміне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған қор, соның ішінде тас, құм, қиыршық тас, қапшықтар және басқа да қажетті инертті материалдар дайындалды.

«Министрлік жанынан құрылған жедел штаб жергілікті әкімдіктермен өзара тығыз іс-қимыл жасап жатыр. Республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суын апатсыз өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары мен су қоймаларының жұмыс кестесі бекітілді. Жауапты мекеме қызметкерлері су шаруашылығы ахуалына тәулік бойы бақылау жүргізеді», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.