• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 01 Сәуір, 2024

Күн тәртібі бекітілді

142 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов­тың төраға­лығы­мен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бірінші оқылымда депутаттардың қарауына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі тапсырмасымен әзірленген «Мемлекеттік сатып алу туралы» үкіметтік заң жобасын қарау ұсынылады.

Жаңа заң жобасында мердігерлерге, әсіресе құрылысқа байланысты жұмыстарға қоғамдық мониторинг енгізу көзделген. Осыған орай мемлекеттік сатып алу веб-пор­талында олардың орындалуы жөнін­дегі есептерді растай отырып (оның ішін­де фото-, бейнетіркеуді пайдалану), жұмыс­тарды орындау кестелерін жалпы қолже­тімді етіп орналастыру, сондай-ақ қоғам­дық бақылау субъектілерінің мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына мониторингті жүзеге асыруы ұсынылады.

Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында сатып алу шағын және орта кәсіпкерлік субъек­тілері арасында жүзеге асырылатын тауар­лардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызмет­тердің тізбесін енгізу ұсынылады. Бұдан басқа, ақпараттық жүйелердің дерек­тері мен мәліметтері негізінде веб-портал қалып­тас­тыратын әлеуетті өнім берушілердің рей­тин­гі енгізіледі. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мерзімін 2 айдан 1 айға де­йін қысқарту, бір көзден алу тәсілімен сатып алу үшін негіздер санын оңтайландыру көзделеді.

Жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына бірінші оқылымда Үкімет әзірлеген «Жылу энергетикасы туралы» және оған ілеспе түзетулері бар заң жобалар енгізілді. Олар жылу энергетикасы саласын реттеу және оның сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін экономикалық және құқықтық негіздерді белгілейді. Бағаларды (тарифтерді), жылу энергиясы мен жылу тасымалдағыштарды міндетті есепке алу жөніндегі нормаларды, сондай-ақ энергия үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға қойылатын талаптарды мемлекеттік реттеу енгізіледі.