• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Үкімет 02 Сәуір, 2024

Зардап шеккендер көмексіз қалмайды­

128 рет
көрсетілді

Үкіметте Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.

Штаб жұмысы аясында Премьер-ми­нистрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров табиғи си­паттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеуге қаражат жергілікті атқарушы органдар резервінде көзделгенін баяндады. Залалдың алдын ала мөлшерін ЖАО (Жергілікті атқарушы орган), Өнеркәсіп және құрылыс, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрліктері ай­қындайды. Қосымша қажеттілік туын­даған жағдайда қаржыландыру Үкіметтің резервінен қарастырылады.

Іс-әрекет алгоритмі:

1) материалдық зардап шеккендер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ЖАО-ға материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.

2) ЖАО өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады. Тұрғын үйі қауіпті деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер қалыптастырады.

 

Медицина қызметкерлері тәулік бойы қызмет көрсетеді

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб апаттан зардап шеккен өңірлердегі халыққа медициналық көмек көрсету мәселесін ерекше бақылауда ұстап отыр.

Медициналық ұйымдар күшейтілген ре­жім­де жұмыс істеп, дәрігерлер мен жедел медициналық жәрдем бригадалары қо­сымша жұмылдырылды. Барлық эвакуа­ция­ланғандарды дәрігерлер қарап-тексеруде, олардың жағдайы тұрақ­ты, қандай да бір жарақат алу туралы ша­ғымдар түскен жоқ. Жүкті әйелдер мен балалардың жағдайына бақылау жүр­гізі­ліп отыр. Босану уақыты таяған әйел­дер аудан­дық және облыстық орталық­тарға кө­шірілді. Денсаулық сақтау министр­лігін­де жағдайдың күнделікті мониторингі жүргізіледі. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін медициналық және психологиялық көмектің қосымша бригадаларын ашу үшін қызметтердің дайындығы қамтамасыз етілді.

Халықты уақытша жинау пункттерінде тәулік бойғы медициналық посттардың жұмысы қамтамасыз етілді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті қорлары дайындалды. Барлық өңірде санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бақылау және мониторинг күшейтілді.

Сонымен қатар жергілікті жерлерде денсау­лық сақтау мәселелері бойынша байланыс орталық­тарының жұмысы бірыңғай алгоритммен тәулік бойы жұмыс істеу режіміне ауыстырылды.

Су тасқынынан зардап шеккен өңір­лер тұрғындары денсаулық сақтау бас­қар­­­малары Call-орталығына мына нөмірлер арқылы хабарласа алады:

Ақтөбе облысы (+7 (7132) 41 02 13) Қостанай облысы (+7 (7142) 52 40 70) Батыс Қазақстан облысы

(+7 (7112) 24 00 06)

Қарағанды облысы (+7 (7212) 95 55 59) Абай облысы (+7 (7222) 56 64 50) Ұлытау облысы (+7(7102) 99 95 09) Ақмола облысы (109)

 

Оқушылар қашықтан оқиды

Су тасқынына қарсы республикалық штаб жұмысының аясында 88 білім беру ұйымы төртінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастады.

Оқу-ағарту министрлігі ресми өкілінің хабарлауынша, қашықтан оқыту су тасқыны қаупі сейілмеген аумақтардағы 56 мектепте, сондай-ақ эвакуациялық пункттер ретінде айқындалған 32 мектепте ұйымдастырылып отыр.

«Осы дүйсенбіден бастап 3 млн-нан астам оқушы үшін 2023-2024 оқу жылының төртінші тоқсаны басталады. Бұл ретте су тасқыны жағдайындағы өңірлерде оқушылар қашықтан оқуға көшіріледі.

Жергілікті жерлерде Оқу-ағарту ми­нистрлігінің аумақтық білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері мен өңірлік білім басқармалары жұмыс жасайды. Эвакуациялық бекеттердегі балаларға көмек көрсету үшін психоло­гия­лық қызметтер іске қосылды. Бала­лар қашықтан оқуға қажетті оқу құрал­дарымен, киім-кешекпен және техникалық құрал­дармен қамтамасыз етілді. Эвакуа­цияланған 1-4 сынып оқушыларын тамақ­пен қамтуға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр», деп атап өтті саланың ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Сондай-ақ тәуекелдерді азайту және төтенше жағдайда білім беру үдерісін жалғастыруды қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысындағы колледждер қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.