Астаналық өрт сөндірушілер жеті ересек адам мен бір баланы қызыл жалын құрсауынан құтқарды, деп жазады Egemen.kz.
Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатынан өрт шықты.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды құтқарып, медицина қызметкерлеріне табыстады.
Олардың бірі - ерекше қамқорлықты қажет ететін әйел. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр.