• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Халық 01 Сәуір, 2024

Келмей кеткен көршілер

99 рет
көрсетілді

Кешқұрым апама хабарласып, «Ауыл қалай?» десем, ылғи: «Ел аман, жұрт тыныш, қазір ешкім еш­кім­нің үйіне кірмейді», дей­ді мұңайып. Иә, апамның көңілі жабырқайтын жөні бар. Бұрын көршілер ананы-мынаны сұрап, үйге жиі келетін. Болмаса, бір-біріне бөтен қой іздеп кіріп жатушы еді. Қазір қойкезек деген де ұмытылып барады. Тіпті мал ұстайтын үй азай­ды (өйткені қазір мал асы­рау тиімсіз деседі). Ең бол­­мағанда әр үйде бір сиыр болатын менің бала ке­зімде. Бізде де ақ сиыр бол­ды, кейін сатып жі­бер­дік. Үйге кім келсе де шай қойылатын. Апам әңгі­ме айтып, қауқылдасып қа­ла­тын. Қазір ешкім еш­теңе сұрап келмейді, шақырсаң ғана жиналады – апамның құ­лазитыны содан. Ойлап қа­­расақ, бұл да бір трагедия.

...дейміз ғой. Бірнеше күннен бері өңірлерді су басып, сұмдық видеоларды көріп жатырмыз. Ошағынан айрылған халыққа қарап жаның түршігеді. Көршілер бір-біріне кірмесе де сол аулымыздың аман тұр­ға­нына шүкір дедік. Әйтпесе дәл қазір қаншама жан үйіне хабарласып, «келмей кеткен көршілерін» айтқысы келіп отыр десеңізші.