• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Экология 02 Сәуір, 2024

Әкімдіктерге су тасқыны болатынын ескерткенбіз - «Қазгидромет» директоры

451 рет
көрсетілді

Синоптиктер су басуы мүмкін аймақтар туралы ақпаратты жергілкті атқарушы органдарга алдын ала жіберген. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева айтты, деп жазады Egemen.kz.

Данара Әлімбаеваның айтуынша, Ақтөбе облысы бойынша су деңгейінің көтерілуі ықтимал.

«Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында су деңгейінің көтерілуі байқалып отыр. Аптаның соңына қарай Батыс Қазақстан облысында су деңгейі тағы көтеріледі»,  деді «Қазгидромет» директоры.

Динара Әлімбаеваның айтуынша, синоптиктер көктемде су басуы мүмкін аймақтар туралы алдын ала ақпарат ұсынған.

«Желтоқсан айынан бастап біз су тасқыны қаупі бар аймақтарға Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары жататынын хабарлаған едік. Бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберілді. Сонымен қатар наурыз айынан бастап елдің бірқатар өңірінде дауыл соғатынын да ескертіп отырмыз», деді ведомство басшысы.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті