• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Сәуір, 2024

Ауыл тұрғындарына арналған жаңа баспана бағдарламасы басталады

122 рет
көрсетілді

Ауыл мен аудан орталықтарының тұрғындарын үймен қамтамасыз ету бағдарламасына 300 миллиард теңге тартылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Министр мәлім еткендей, осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазір «Отбасы банк» 300 миллиард теңге тартып жатыр.

«Бұл қаражат − бағдарламаның жалпы сомасы. Бұл ипотекалық бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін несие ставкасы 7%-дан аспайды. Бірінші мамыр күні бағдарламаның барлық шартын толық жариялаймыз. Бағдарлама 1 мамырда басталады», деді Қ.Шарлапаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда өңір тұрғындары үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді.