• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жәдігер 02 Сәуір, 2024

Көктеректегі көненің көзі

183 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы Қаз­талов ауданына қарас­ты Көктерек аулында таң­ға­жайып ауыл музейі көп жылдан бері жұмыс істеп тұр. Ауыл мұ­ғалімі Төлеген Сейіткереев ұйым­дастырған бұл мұражайда ерекше жәдігер өте көп.

Соның бірі – ХVІІІ ғасырдың көзі, ерекше оюлы ағаш ер. Ердің емен ағашынан жасалған қос қасына қыран құстың бейнесі ойылған. Бір шеге қолданбай ағаш қапталға таспамен бекітілген. Қастың үстіне бейнесін оюлап салған. Ердің барқытпен қапталған көпшігі, қылдан есілген айыл, таза қайыстан жасалған таралғы, сабы еліктің алдыңғы сирағына сапталған сегіз өрім қамшы ердің сәнін аша түседі.

Құнды жәдігердің иесі – ауыл­дың ардақты азаматы, со­ғыс ардагері Рысқали Жамалиев екен. Ол 1942 жылы жиырма жасында Қызыл Армия қатарына алынған. Соғысты Берлинде аяқтаған атамыз 1946 жылы елге аман оралған. Соғыс­тан кейін Көктерек елді меке­нінде есепшілік қызмет атқарған майдангер үнемі салт атпен жүрген.

«Бұл ерді жасаған шебер туралы мәлімет жоқ. Рысқали ақсақалға ағасы Бақыт сыйлаған. Біздің музейге майдангердің ұлы Базарбай 1991 жылы тапсырды», дейді Көктерек тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Ақмарал Ибатқызы.

 

Батыс Қазақстан облысы