Ұлытау облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекеме және Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің қызметкерлері сотталғандарды азаптағанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Мекеменің 7 және Әскери бөлімнің 4, жалпы 11 қызметкері №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталғанды кемсіту және сол мекемеде жазасын өтеп жатқан басқа да сотталғандарды қорқыту мақсатында күш қолданып, азаптаған.
Лауазымды тұлғалар мұндай әрекетке өздерінің қылмыстық ісін жасыру үшін барған. Сондай-ақ олар бұл әрекетін басшылыққа тәртіпке бағынбағаны үшін жасалды деп баяндаған.
Тергеу барысында күдіктілерге бұлтартпау шаралары қолданылып, тергеу сотымен олар лауазымдарынан уақытша шеттетілді. Осы жылдың 26 наурызында іс сотқа жолданды.