• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Сәуір, 2024

Бұл - Валери: Бельгияда өскен қазақ баласы асырап алған анасын көрсетті

993 рет
көрсетілді

Қазақстанда туып, Бельгияда өскен, енді биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асырап алған анасын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, анасының есімі - Валери, ол барлық сұраққа жауап беруге дайын.

«Бұл - мені асырап алған анам Валери. Ол маған Испанияға Бельгиядан қонаққа келді.

Валери мені асырап алу үшін 2004 жылы Қазақстанның Арқалық қаласына келген.

Сіздерде де көптеген сұрақтың барын сеземін.

Пікір алаңына сұрақтарыңызды қойыңыз, Валери оларға жауап бере алады деп ойлаймын.

«Валери неге бала асырап алды? Неліктен Валери баланы Қазақстаннан асырап алғысы келді?» деген сынды сұрақтар сіздерді де толғандыратын болар?», деп жазды желідегі парақшасына Жәнібек.