• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Сәуір, 2024

Жаңбыр жауып, жел соғады: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

151 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. «Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады, жаңбыр жауады. 6-8 сәуірде солтүстік-батыста, 8 сәуірде солтүстікте жауын-шашын жауып, жел күшейеді», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

6 сәуірде Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, 6-7 сәуірде Алматы облысында, 8 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.