• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Сәуір, 2024

Қатты жел соғып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады. 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы

723 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК мамандары еліміз бойынша 7 сәуірге арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа райы тұрақсыз болады, көбіне жаңбыр жауады. Жауын-шашын тек республикамыздың солтүстік өңірін айналып өтеді.

«ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, республикамыздың оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады деп болжанады. Жауын-шашынсыз ауа райы антициклон ағымы әсерінен тек солтүстік аймақтарда ғана болады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі жалпы сипат береді, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрып, найзағай ойнайды деп күтіледі», делінген «Қазгидромет» мәліметінде.

Алматы қаласында 7 сәуірде сағат 17:00-ден кейін жаңбыр жауып, оның келесі күнге дейін жалғасатыны болжанған.