• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Сәуір, 2024

Жаңаөзеннің арнайы жасақталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды

78 рет
көрсетілді

Құлсары қаласында болған су басулардың салдарын жою мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен арнайы техникамен жабдықталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көмек бригадасының құрамында 30-ға жуық техника және 60-тай адамдар бар. Сонымен қатар, арнайы жасақ азық-түлік, құрал-саймандармен толық жабдықталған.

Айта кетейік, арнайы техникамен қамтамасыз еткен ұйымдар қатарында «Өзенмұнайгаз», «KazPetroDrilling» АҚ, «Бұрғылау», «МұнайФилдСервис», «Өзенмұнайсервис», «ҚазГӨЗ», «Кен-Құрылыс Сервис» ЖШС және «Өзенжылу», «Өзенинвест», «Өзенэнергосервис» МКК бар.

Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер және еріктілер де өз үлестерін қосып жатыр.