8 сәуірде облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары Каспий теңізінің жағасынан 25 өлі итбалықты тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті су сынамаларын алды, Ветеринариялық станция мен гидробиология және экология институтының қызметкерлері ішкі ағзалардың тіндерін (бауыр, өкпе) ішінара іріктеп алды, ал Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін азу тістерін, тырнақтарын және жүнін іріктеп алды», делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, Каспий жағалауында 103 итбалық өлген.