• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 10 Сәуір, 2024

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

166 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, сәрсенбі, 10 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республика бойынша жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның барлық аумағында тұман, желдің күшеюі, солтүстікте көктайғақ, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.