• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 10 Сәуір, 2024

Жаңбыр жауып, жел соғады: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

147 рет
көрсетілді

Қазақстан синоптиктері 11-13 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжам бойынша, ел аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады.

«11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республиканың басым бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар байқалмайтыны қоса хабарланды. Тек елдің солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 аязға дейін төмендейді.